05 қаз, 2020 сағат 21:46

Елімізде кинотеатрлар ашыла ма: Бас санитарлық дәрігердің жауабы

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов кинотеатрлардың жұмысын жандандыру жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық шекаралас мемлекеттерде жағдай қалыпқа келмей жатыр. Ауру жұқтыру жағдайлары жиі байқалады. Мысалы Мәскеуде карантиндік шаралар күшейтілуде. Бұрын карантинді жеңілдеткен елдер қайтадан күшейту енгізіп жатыр. Оның үстіне ЖРВИ, суық тию сияқты маусымдық аурулар басталады. Қауіп-қатер өте жоғары, сондықтан жеңілдік туралы әрбір шешімді қабылдарда барлығын мұқият және жан-жақты зерттеу керек», - деп жауап берді Қиясов. 

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа ережеде қабылдай бастайды. Жолаушыларға сауалнама, термометрия және ПТР анықтама міндеттеледі. 

Осы орайда астаналық әуежай жаңа күшейтілген талаптарда қалай жұмыс істейтінін көрсетті.