Маңызды мақсат - экологиялық мәдениетті дамыту. Бұл туралы «Anytravel» ЖШС-нің директоры Денис Лукянчук айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Маңызды мақсат - елдің ішінде экологиялық мәдениет пен экологиялық туризмді дамыту. Бұл үшін әкімшілік айыппұленгізіп, азаматтардың қоқысты кез келген жерге тастап кетпеуін қадағалау қажет. Өйткені, бізді ешкім қоқысты көрінген жерге тастап кетуге, қабырғаларға бірдеңе жазуға мәжбүрлемейді. Елімізде ішкі туризмнің дамуына әлеуметтік желілердің танымалдығы түркі болды. Қазіргі уақытта белсенді демалыспен айналысып, Қазақстан бойынша саяхат жасау үшін ұялы телефон мен саяхатқа арнаған қосымша болса жеткілікті»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, Қазақстанда белсенді демалыстың кез келген түрімен айналысуға мүмкіндік мол. Белсенді демалуға арналған инфрақұрылымның дамуы да туристер санының артуына септігін тигізіп отыр. Сондықтан да бүгінде қазақстандықтар отбасымен табиғат аясында ұзақ уақыт серуендейтін болды.
«Бірақ, өкінішке орай барлығы бірдей табиғат аясында, демалған кезде өзінің қалай ұстап, қандай ережелерді сақтау қажеттігін біле бермейді. Меніңше, үгіт-насихат жұмыстар қажет-ақ», - деді Денис Лукянчук.