Синоптиктер 16-18 қазанда Қазақстанда ауа райы қалай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтардың мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағына әсер етіп, бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа райы болады. Елдің батыс бөлігінде ғана циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп күтіледі.
"Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы 12...22 жылы, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 жылы, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13...23 жылы болады", - делінген хабарламада.