#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

Елімізде дәретханасы аулада орналасқан қанша мектеп бар?

  • 20.10.2020
  • 0
  • 92

Елімізде дәретханасы аулада орналасқан 245 мектеп қалып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде мониторингпен 6 971 мектеп қамтылды. Тек 245 мектеп ғана ауладаға дәретхана қалып отыр. Іс жүзінде бір жыл бұрын бұл сан 2 700-ден астамды мектепті құраған болатын. Осы арқылы өңірлердегі жылы туалет орнату динамикасын байқаймыз. Дәретхана аулада орналасқан 245 мектепте жынысына байланысты бөлу, аралық қабырға орнату сынды проблемалар бар. Дегенмен, бұл мектептер шешім тауып жатыр. Олардың ішінде 195 білім беру ұйымы жылы дәретхана орнату жұмыстарын жүргізу үстінде. Қалған 50 мектепке қатысты мәселе шешілуде. Бұл білім ордалары Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан», - деді Гүлзат Көбенова министрліктің аппарат кеңесі барысында. 

Оның атап өтуінше, дәретханаларды жынысқа байланысты бөлу, аралық қабырға жасау мәселелеріне де мониторинг жүргізілген. 33 мектеп дәл осындай сәйкессіздікті жоюы тиіс. 195 мектепте аталған проблеманы жоюға бағытталған жұмыс аяқталуға жақын. Олардың барлығында жыл соңына дейін кемшіліктерді жою жұмыстары атқарылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың қарашасынан бүгінге дейін 2 700 мектептің ішінде 2 456 білім беру ұйымына жылы дәретхана орнатылды. Жылы дәретханалар толыққанды жұмыс істеу үшін жынысына қарай бөлу, аралық қабырға қарастыру, су беру мәселесін шешу қажеттігіне назар аудартқым келеді. Әлі күнге дейін 197 ұйымда су беру проблема орын алып отыр. Сонымен қатар кәріз жүйесіне қосу мәселесін де шешкен жөн», - деді ол.

Теги: талапқа сайду емес, аула, дәретхана

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар