21 там, 2020 сағат 04:11

Елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді

21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. 

Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», делінген хабарламада.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді:

Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.