27 қаз, 2020 сағат 16:45

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 28 қазанда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда 28 қазанда түнде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскеменде ертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде ертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында ертең таңертең және түнде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

28 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.