Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін импорттауға 1 қарашаға дейін тыйым салынды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда ішкі нарықта мұнай өнімдерінің қорлары айтарлықтай жоғары деңгейде және импорттық отынның қосымша көлемінің келуі отандық мұнай өңдеуге теріс әсер етуі мүмкін, атап айтқанда:
- қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін азайтуға;
- зауыттардың резервуарлық парктерінің, сондай-ақ елдің барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеліп,
- соның салдарынан мұнайды өңдеуді мәжбүрлі төмендетуге теріс әсер етуі мүмкін, бұл дизель және авиациялық отын сияқты басқа да бағалы мұнай өнімдерінің түрлерін өндірудің төмендеуіне әкеп соғады.