21 қаз, 2020 сағат 11:49

Елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары биылғы 9 айда 78 млн тонна көмір өндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, энергия өндіруші кәсіпорындарға 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді. 

2020-2021 жылғы кезеңде арналған қажеттіліктер жоспарына сәйкес жалпы тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құраса, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға – 7,2 млн тонна көзделген. 

2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық-тұрмыстық секторда 84, тұрғындарды қамтамасыз ету 76 пайызды құрады. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған. Тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.