04 қаз, 2021 сағат 13:05

Елімізде 5-7 қазан аралығында күн суытады


«Қазгидромет» РМК мамандары 5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады. 

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады. 

Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады. 

6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. 

Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. 

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 5-10 аязға дейін, шығыста - 3-11 аязға дейін төмендейді. 

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.