Фото: KONSTANTIN KOKOSHKIN/GLOBAL LOOK PRESS
Синоптиктер Қазақстанда 3-5 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет метеорологтарының мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын антициклон сілемі айқындайтын болады. Циклон мен атмосфералық фронтал бөлімдердің әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғып, жел күшейеді деп күтіліп отыр.
"Аптап сақталады, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36-41 градусқа дейін, шығыста +33-39 градусқа дейін, орталықта +33-41 градусқа дейін, оңтүстікте +37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-39 градусқа дейін күн ысиды", - делінген хабарламада.