17 қыр, 2021 сағат 21:13

Елімізде 3 градусқа дейін үсік жүреді


Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік - батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының таулы жерлерінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.