27 қар, 2020 сағат 15:06

Елімізде 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылған

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.