06 қаз, 2023 сағат 19:55

Елена Рыбакина Бейжіңде әлемнің 1-ракеткасын жеңді

Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездесіп, төртеуінде Соболенко жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші қарқынды одан сайын үдетті – 6:2.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.

Ол әлемнің 17-ракетасы, латвиялық Елена Остапенконы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2.