27 қаң, 2021 сағат 15:35

"Электронды паспорты енгізудің басты мақсаты – иммундық статусты білу" - Шоранов

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакциналаудың электронды паспортының не үшін енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".  

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр «Вакцинация электронды паспортының заңды күші бар ма? Вакцина алмағандарға қандай да бір шектеу қойыла ма?» деген сұраққа жауап берді. 

«Электронды паспорты енгізудің басты мақсаты – иммундық статусты білу және болашақтағы вакциналауды жоспарлау. Өздеріңізге мәлім, соңғы екі жылда қағазсыз ауруханаға ауысып, деректерді, операцияларды ақпараттық жүйеге енгізіп жүрміз. Бұл ақпараттың медициналық қызметкерге ғана емес, жалпы халыққа қолжетімді болуы үшін мобильді қосымша, эл үкімет арқылы ақпарат алуға болады. Бұл расында да болашақта коронавирусқа қарсы вакциналауды жоспарлау үшін және иммундық статусты анықтау үшін жасалады. Ал вакциналау паспорты жоқ тұрғындарға ешқандай шектеу әзірге көзделмеген және ондай мақсат қойып отырған жоқпыз», - деп жауап берді Марат Шоранов.