Фото: pexels.com
Норвегия әлемдегі электрмобильдер саны бензин көліктерінен асқан алғашқы ел болды. Бұл туралы елдің Жол қозғалысы туралы ақпараттық кеңесіне сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.
OFV мәліметтері бойынша, елде 2,8 миллион жеңіл автокөлік тіркелген: оның ішінде 754 303-і электрмобиль, ал 753 905-і бензин қозғалтқышы бар көліктер.
Кеңес өкілдері дизельді көліктер әлі де ең көп екенін (шамамен бір миллионға жетпейтін) атап өтті, бірақ олардың сатылымы асқан қарқынмен төмендеп жатыр екен.
Норвегия билігі зиян шығарындылары жоқ көліктерге ауысуды белсенді түрде қолдап келеді және 2025 жылға қарай жаңа бензин қозғалтқышы бар көліктердің сатылымын толық тоқтатуды жоспарлап отыр.
Елде электрмобиль иелеріне қолдау көрсету бағдарламалары әзірленген. Олар салықтық жеңілдіктер мен қуаттау станцияларына қолжетімділікті қамтиды.