Қазгидромет 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады.
"Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Соған қарамастан, күндіз ауа райы жылы болады", - делінген хабарламада.