19 там, 2020 сағат 11:35

Ел өңірлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады

«Қазгидромет» РМК 20-22 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Кейін қысқа антициклонның жылжуымен жауын-шашын тоқтап, батыста ауа температурасы аздап төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», - деді синоптиктер.