Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қорытынды салыстырмалы кесте 717 қабылданған түзетуді қамтыды, екі түзету қабылданбады», - деді депутат Зәуреш Аманжолова.
Осы орайда аталған екі түзетудің біріншісі профилактикалық екпелерді жүргізу бойынша пункте «міндетті» сөзін «құқылы» деген сөзге ауыстыруға қатысты болды. Ал екінші түзету екпе жасалмаған балалардың балабақшаға баруын шектейтін норманы жоюға байланысты. Дегенмен бұл түзетулер қабылданбады.
«Нәтижесінде, барлық екпелер міндетті және ерікті болып нақты бөлінеді, ал балалардың балабақшаға баруы осы ұйымдағы «ұжымдық иммунитеттің» деңгейіне қарай жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», - деді Зауреш Аманжолова.