#
#
Бейсенбі 03/12/2020

Экожурналистика салалық журналистерді даярлау бағыттарының бірі болмақ

  • 27.10.2020
  • 0
  • 179

Бүгін елордада Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Меморандумның мақсаты - экология саласында маманданған салалық журналистерді даярлау. Құжат тараптардың экожурналистерді даярлау мәселесінде ынтымақтастығын көздейді. Тараптардың әрқайсысы өз құзыреті шеңберінде болашақ журналистердің кәсібилігін арттыруға жағдай жасауға ниетті.

Бұл ретте экология мәселелері қоғамда өте өзекті және кеңінен жария етілуде екендігін атап өткен жөн. Тиісінше осы салада тиімді ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Меморандум аясында бірқатар нақты іс-шаралар өткізілмек, оның ішінде білім беру бағдарламалары жетілдіріледі, студенттердің кәсіби практикалары мен тағылымдамалары ұйымдастырылады, салалық журналистер пулы құрылады.

Нәтижесінде медиа нарықты экология саласында материал іздеуге және мақала дайындауға маманданған білікті журналистермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Еске салсақ, қазіргі уақытта министрлік салалық журналистерді даярлау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан бұрын медицина және дін салаларында маманданған журналистерді даярлау үшін Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар