24 шіл, 2020 сағат 19:45

Экологтар мен полицейлер Қарғалы өзенінің көбіктенуі оқиғасын тексеріп жатыр

Экология департаментінің өкілдері мен полиция және әкімдік қызметкерлері Қарғалы өзені бойында тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінен шығып жатқан көбік туралы видео жарияланған болатын.

Қалалық экология департаментінің мамандары дереу оқиға орнына барып, зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алған.

«Біздің экологтар тобы келген кезде бейнематериалда көрсетілген өзендегі су таза екен. Оны растау үшін камераға түсіріліп, фотосуреттер жасалды. Қазір Экология департаментінің өкілдері бүкіл өзен ағысы бойында тесеру жүргізіп жатыр. Полиция қызметі мен жергілікті әкімдік тергеуге қосылды. Жағдайға кінәлілер іздестіріледі. Егер заң бұзушылық анықталса, онда кінәлілер жауапқа тартылады», - деді Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.