ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қалдықтарды өңдеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тағы бір басты мәселе – қалдықтардың шамадан тыс жиналуы екенін бірнеше рет айттық. Осыған байланысты қалдықтарды тұрақты басқару бойынша «Waste-to-Energy» технологиясы бойынша энергия алу мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі нысандар салу сияқты іс-шаралар есебінен қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесін және кәдеге жаратуды 18%-дан 34%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Одан бөлек, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер мен дәріханаларда медициналық қалдықтарға арналған экобокстар орнату жоспарлануда.
«Тұйық циклді экономиканы дамыту шеңберінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинауға арналған алаңдар құру болжанып отыр», - деді Брекешев.