24 там, 2020 сағат 13:08

Экология министрі елдегі дельфинарийлерді жабу мәселесін қарастырып жатыр

Экология министрлігі дельфинарилердің жабылуы туралы қазақстандық табиғат қорғаушыларың ұсынысын қарастыратын болады. Бұл туралы бүгі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парашасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрдің жазуынша, ол табиғат жанашырларының дельфиндерді ұстау жағдайына деген алаңдаушылығын ескере отырып, «Жан-жануарларға жауапкершілікпен қарау» заңнамасының шеңберінде жабу мәселесін қарастырады. 

«Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады. Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғысымызды айтамыз», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.