05 қаз, 2018 сағат 09:27

"Екі белбеу бәске тігіледі". Қуат Хамитов Головкинге лайықты қарсылас тапты

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен айда Лас-Вегаста кәсіпқой бокстағы карьерасында алғаш рет мексикалық Сауль Альварестен төрешілер шешімімен жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарынан айырылды.

Белгілі қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Sports.kz сайтына берген сұхбатында "36 жастағы боксшыға карьерасын аяқтау керек пе?" деген сұраққа жауап беріпті, деп жазады Sputnik.

"Кез келген спортшы, оның ішінде Головкин де карьерасын жеңіспен аяқтауды армандайды деп ойлаймын. Мен оның спорттан жеңіліспен кеткенін қаламаймын және бұл боксшының алда бір-екі қызықты жекпе-жегі бар деп есептеймін, – мысалы, Джейкобске қарсы реванш. Екі белбеу бәске тігілейін деп тұр. Оның екеу болатынына сенімдімін, олар – Джейкобс жеңіп алатын бос тұрған титул және әлгі Альварес бас тартқан белбеу", — деді спортшы.