«ЕGov mobile» мобильдік қосымшасында коронавирусқа қарсы «вакцинация паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілуде, онда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «вакцинация паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды», - делінген Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде.
Азаматтар вакциналаудың барлық кезеңінен өткеннен кейін 3 тілде қолжетімді электрондық құжат беріледі.
«Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады. Бұл, құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады», - делінген ВАК хабарламасында.
Сондай-ақ қажет болған жағдайда азамат өзінің электрондық құжатымен телефондағы мессенджерлерде бөлісе алады.
«EGOV mobile мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде орналастырылған вакциналаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар», - деді ВАК-тан.