Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының Алматы облысында жоспарланған оқу-жаттығу жиыны белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жоспар бойынша, карантин режимінен кейінгі алғашқы жиын ерлер құрамасы үшін 27 мамыр мен 8 маусым арасында, ал әйелдер командасы 26 мамыр мен 12 маусым күндері өтуі тиіс болатын.
Жиынның өткізілмеуіне коронавирус пандемиясы себеп болып отыр.