Атақты Голливуд актрисасы және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының арнайы өкілі Анджелина Джоли Instagram-ға тіркеліп, елдегі қазіргі жағдайға байланысты ауған халқының оқиғалары туралы айтуға уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Дәл қазір Ауғанстан халқы әлеуметтік желілерде еркін сөйлесу және өз ойын білдіру мүмкіндігін жоғалтып отыр. Сондықтан мен олардың әңгімесі мен адам құқығы үшін күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың ойын жеткізу үшін Instagram-ға келдім", - деп жазды актриса жазба сипаттамасына.
Джоли парақшасындағы бірінші жазбасына ауған қыздың хатын жариялады. Онда "Талибан" қозғалысы билікке (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) келуіне байланысты жағдай өзгергені және олардың аумақтарды басып алуы туралы айтылады. Жасөспірімнің айтуынша, бұрын ауғандар қалыпты өмір сүрсе, қазір "бәрі олардан қорқады" және адам құқығы бұзылып жатыр. Алайда "Талибан" қозғалысы өзгерді" деп ойлайтындар да бар.
"Бұл үшін қаншама уақыт пен ақша жұмсау, қантөгіс пен адам өлімін бақылау - сәтсіздік. Мұны түсіну қиын", - деді Джоли.
Посмотреть эту публикацию в Instagram