04 мау, 2018 сағат 10:39

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, шаңды дауыл, тұман болады, бұршақ түсуі мүмкін. 

Тек батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, найзағай, тұман болады, Ақмола облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. 

Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, найзағай ойнайды.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты жел, шаңды дауыл болады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, желдің екпіні 25 м/с, кей жерде найзағай болады. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, желдің екпіні 23 м/с болады, кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі болжанады.