29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік өңірлерде селдетіп жауын жауады, арты қарға ұласады. Тек еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болып, бұрқасын соғады.
Ақмола облысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін үдейді, кей жерлерде қатты қар жауады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел күшейеді, 15-20 м/с тіпті 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сонымен қатар, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел жылдамдығы15-25 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.