01 қар, 2021 сағат 16:00

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым: соңғы 7 жыл тарихтағы ең жылы кезең болды


Соңғы жеті жыл бақылау тарихындағы ең жылы кезең болды, ал әлемдік мұхит деңгейі жаңа максимумға дейін көтерілді. Бұл туралы 31 қазанда Глазгода ашылған БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясының басталуына дайындалған Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ДМҰ-ның 2021 жылғы алдын ала есебінде бірқатар БҰҰ агенттіктерінің, Ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтердің деректері, сондай-ақ жетекші ғылыми сарапшылардың болжамдары жинақталған, деп мәлімдеді БҰҰ баспасөз қызметі. 

«Жаһандық климаттың жай-күйі туралы ДМҰ есебі планетаның біздің көз алдымызда өзгеріп жатқанын көрсетеді. Экожүйелер бүкіл әлем бойынша жойылуда. Ғалымдар өз сөздерін айтты, енді кезек саяси көшбасшыларда. КС-26 өзгеріс кезеңі болуы керек. Біз болашағымызды қорғау және адамзатты құтқару үшін дереу әрекет етуге міндеттіміз», - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнехабарламада.

«Бақылау тарихында алғаш рет Гренландия мұз шыңында қар емес, жаңбыр жауды. Мұздың еруі нәтижесінде канадалық мұздықтар баяу жоғалып жатыр», – деді ДМҰ Бас хатшысы Петтери Таалас.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа жаһандық температура 1850–1900 жылдардағы орташа мәннен Цельсий шкаласы бойынша 1,09 градусқа жоғары болды.