Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ия, ол шын мәнінде Қазақстанның азаматы. Біздің консулдықтың қызметкерлері оның Ташкентте тұратын туғандарын тауып алды. Олар оның денесін жөнелту сұрақтарымен айналысып жатыр. Қай жаққа жіберілетінін туыстары шешеді. Ташкентке жеткізілетін шығар" — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, жол апаты Дубайда жұмадан сенбіге қараған түні болған, қазақстандық қызды көлік соғып кеткен.
1983 жылы туған қыздың Дубайда шаштараз болып жұмыс істегені белгілі болды.
Қазақстанда Алматы қаласында тұрған.