20 қаң, 2021 сағат 10:18

«Дубай – Алматы» рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

 

19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

1 915 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестісі бар (сау екені көрсетілген) 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Айта кетейік, 18 қаңтарда анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша «Дубай – Алматы» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.