#
#
Сейсенбі 24/11/2020

ДСМ ІІ тоқсандағы оқу форматына қатысты пікір білдірді

  • 21.10.2020
  • 0
  • 72

Екінші тоқсанда мектеп оқушылары қандай форматта оқиды? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады», - деді Ажар Ғинаят.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді.

«Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деген болатын БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР