14 жел, 2020 сағат 09:01

Досым Сәтбаев ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Сәтбаевтың айтуынша, ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы мәлімдемесі арандатушы мәлімдеме ғана емес.

"(...) Біз өзімізді құрметтемесек, онда олар бізді құрметтеуді тоқтатады. Дипломатия әлемінде белгілі бір мәселе бойынша өз ұстанымын нақты көрсетудің көптеген құралы бар.

Біздің сыртқы істер министрлігіне Қазақстанға, оның аумақтық тұтастығына, тарихына, тіліне және тағы басқа факторларына арандатушылық және қорлау сипатындағы шабуылдарға жол берген барлық адамның республикамызға келуіне тыйым салуды ресми енгізусияқты құралдардың бірін қолданатын кез келді.

Арандатушылардың көбі Қазақстанға келмейтіні түсінікті. Жириновский мен Никонов сияқты ресейлік билік өкілдері кіретін тізім құру керек. (...)", - деп жазды ол. 

Еске салайық, мұның алдында СІМ ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне жауап берген болатын.

Ал кейін ресейлік депутат мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазған еді ресейлік депутат Telegram-каналында.