19 мам, 2023 сағат 15:39

Доллар бағамы төмендеді

Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 448,31 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 9 мамырдағы ресми бағамы - 449,19 теңгеге тең.

Kurs.kz мәлімеітнше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,47 теңге, сату - 449,58 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,92 теңгеден сатып алынып, 449,92 теңгеден сатылып жатыр.