23 мам, 2023 сағат 16:07

Доллар бағамы қайта төмендеді

GETTY IMAGES

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,18 теңгеге төмендеп, 441,74 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23 мамырдағы ресми бағамы - 445,12 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 442,51 теңге, сату – 445,19 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,00 теңгеден сатып алынып, 445,17 теңгеден сатылып жатыр.