29 қар, 2020 сағат 18:27

Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Жүзуден Қазақсан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша Дмитрий Баландин көш бастады. Аталған қашықтықты ол 27, 19 уақытта бағындырды. 29,01 нәтижесімен Айбек Камзенов екінші орыннан көрінсе, 29, 63 көрсеткішімен Нұрдіулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және 200 м қашықтықты бойынша бірінші болған.