01 нау, 2026 сағат 16:50

Динара Зәкиева Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысына байланысты қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтты


Фото: Д. Зәкиеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысына байланысты пікір білдіріп, қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

"Кеше Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алды.
Біз құқық қорғау саласындағы әріптестерімізбен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелдік.
Мектептер — «бейбіт аймақтар», ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады.
Балалар — кез келген қақтығыста ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуі тиіс.
Қазақстан әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келеді. 
Біз халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырамыз. 
Біздің ортақ міндетіміз — балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару. 
Бейбітшілік — әрбір баланың құқығы.
Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз", - деді ол желідегі парақшасында.