04 қаз, 2021 сағат 18:32

Димаштың бейнебаяны Аргентинада көрсетілді


dimashnews.com сайты «La Era Dimash» радиосының бастамасымен Аргентинаның танымал фолк клубында Димаштың «S.O.S» әнін орындап тұрған видеосы көрсетілгенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аргентинадағы фолк клубтар ән мен биге құмар халықтың сүйікті орындарының бірі деуге болады. Онда көбінесе қалың көпшіліктің жүрегінен орын алған танымал халық әндері орындалады. Осынау музыкалық аураны көзбен көріп, жан-дүниесімен сезіну үшін туристер де фолк клубтарға жиі барады. 

3 қазанда Сальта провинциясының фолк-клубындағы үлкен экранда Димаштың аты аңызға айналған «S.O.S» әнін орындаған сәті көрсетілді. 

«Оған құдайдың өзі батасын берген. Оны көбіңіз білесіздер. Білмесеңіздер, ол жер шарының келесі бір бұрышынан шыққан. Оның аты – Димаш, оның дауысы ктаңғажайып», - деп таныстырды шараның жүргізушісі қазақстандық әртісті. 

dimashnews.com-ның жазуынша, «S.O.S» бейне көрсетілімі «La Era Dimash» радио станцсасы ұйымдастырған арнайы тур аясында ұйымдастырылған. 

«Турдың мақсаты – қазақстандық әртісті Аргентинаның түкпір-түкпіріне таныстыру, оның шығармашылығын одан да көп адамдар ашу», - деп жазады dimashnews.com.