Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында "Новая волна" байқауында түсірілген видеоны жүктеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Халықаралық конкурста Димаш қазылар алқасының құрамында болды. Сондай-ақ бірнеше рет сахнаға шығып, өнер көрсетті.
Ал "Я скучаю по тебе" әнін орындағаннан кейін әншінің фанаттары гүлді үйіп тастады. Димаш оларды бір өзі алып кете алмады. Сахнадағы гүлді алып кету үшін көмекшілерді шақыруға тура келді.
Байқау ұйымдастырушылары да, көрермендер де қазақстандық әншіге көрсетілген қошеметке таңғалды.
"Димаш гүлдің астында қалды, ал жанкүйерлер бақытты! Дәл осылай болуы керек", - деп жазды фанаттар.
Сондай-ақ жанкүйерлер осы әнді неге жақы көретінін де жеткізген.
"Димаш, осы ән бізге көп эмоция сыйлайды. Бұл барлық Диарстың (жанкүйерлердің) әнұраны десек те болады. Оны да сенімен бірге айта аламыз. Өкінішке қарай, осы жолы ондай мүмкіндік болған жоқ", - деп жазды тағы бір фанат.
Айта кетері, Димаш Құдайберген Шуберттің Ave Maria баладасын да орындап берген.