05 қаз, 2021 сағат 17:26

Димаш жаңа имиджімен фанаттарды таңғалдырды


Азияның ең сүйкімді жігіті атанған әнші Димаш Құдайберген сақал қойып, мұрт өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші Instagram-дағы парақшасында: «Quarantine style in China», - деп жазды, яғни «Қытайдағы карантиндік стиль»

Жазбаның астына пікір қалдырған желі қолданушылары таңданыстарын жасырмауда. Дегенмен, жылы лебіздерін қалдырып жатыр: «Әп, бәрекелді!», «Саған қырынудың, шаш алудың қажеті жоқ. Бәрібір де бәріміздің сүйікті Димашымыз болып қала бересің!», «Көз үйренбеген, бірақ өте тартымдысың!», «Құдайым-ай, мүлдем бөлек адам!». 

Алайда, Димаштың жаңа имиджі көңілінен шықпаған фанаттар да табылып жатыр.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында қазақстандық әнші шығармашылық жұмысын жалғастыру үшін Қытайға оралғанын жазған еді.

Ал 1 қазанда Kingchoice.me сайтында Азиядағы тартымды жұлдыздардың рейтингі жарияланды. Интернет қолданушылардың дауыс беруі бойынша түзілген рейтингіде Димаш 9,3 миллионнан астам дауыспен көш бастады. Одан кейінгі орындағы кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин 8,1 миллионан астам дауыс жинады.