Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочиге ұшып барды. Оны бір топ жанкүйері әуежайда ерекше қарсы алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Димаш келгенде Адлер әуежайында барабан дыбысы шығып, ерекше қоңырау ойнаған. Жанкүйер қолындағы ерекше аспаптар үйлесімділік тауып, ұмытылмас әуенмен әсер қалдырған.
Димаш жанкүйерінен ерекше аспаптардың атауын сұрады. Сондай-ақ, ол көптен күткен кездесуде қуанышын бөлісті.
Димаш Құдайберген Сочиде жыл сайын өтетін "Жаңа толқын" халықаралық байқауына ұшып барған. Онда ол алғаш рет қазылар алқасының мүшесі болады. Сонымен қатар, ол жаңа концерттік бағдарлама ұсынады.
Айта кетейік, Қазақстан атынан 2021 жылы "Жаңа толқында" классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы бірінші вокалдық топ - Mezzo тобы өнер көрсетеді. Бұл - классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын музыкалық стиль.
1303 рет оқылды