12 мау, 2025 сағат 11:29

Депутат мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытына өзгеріс енгізуді ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс отырысы барысында депутат Асылбек Нұралин ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қазіргі кезде Астанада, сондай-ақ еліміздің басқа да ірі қалаларында жол жүйесінде тұрақты түрде шамадан тыс көлік ағыны байқалады. Қалалар аумағының қарқынды түрде кеңеюі мен  урбанизация үдерістері көлік жүйелерінің тиімділігіне елеулі ықпалын тигізуде. Үлкен магистральдарда күнделікті көлік жүйесінің ағынын реттеу үшін кешенді тәсілдер қажет», - деді депутат.


Оның айтуынша, күн сайын қалада 500 мыңнан астам көлік қозғалады. Олардың ішінде мемлекеттік, квазимемлекеттік және бюджет мекемелерінде қызмет істейтін жандар бар. Осыған байланысты көлік саясатына қатысты нормативті актілерге өзгеріс енгізіп, аталған категориядағы мамандардың жұмыс уақытының таңғы 07:00-08.00 кезінде басталуын ұсынды.