Фото: Pexels.com
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұз - адам рационындағы ең көне және қажеттіөнімдердің бірі екенін атап өтіп, мөлшерінен тыс көп қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ведомство тұздың пайдасын атап өтті:
- - Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді жәнеқан қысымын қалыпты ұстайды.
- - Жүйке импульстерінің берілуіне жәнебұлшықеттердің жиырылуына қатысады.
- - Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидыңжұмысына қажет.
- - Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларыныңалдын алуға көмектеседі.
Және мынадай зиянын ескертті:
- - Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.
- - Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күштүсіруі мүмкін.
- - Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупінарттырады.
- - Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормаданқалай асып кететінімізді байқамаймыз.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз".
Денсаулық сақтау министрлігі кеңес береді:
- - Тамаққа тұзды көп салмай, тұздыдәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.
- - Қаптамадағы өнімнің құрамын оқыңыз – тұзмөлшеріне назар салыңыз.
- - Егер созылмалы аурулар болса – тұзтұтынуды бақылау өте маңызды.
"Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жау емес. Барлығы тепе-теңдікке байланысты", - дейді ведомство.