19 шіл, 2018 сағат 15:18

Денис Тен 3 литр қан жоғалтқан - дәрігерлер

Алматы дәрігерлері Денис Теннің жағдайы қандай екендігін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Денис Тен ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

«19 шілде күні сағат 14:56-де Жедел жәрдем стансасына Денис Тенді пышақтап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде дәрігерлер жетті. Пациент Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Сан тамырлары жараланған», - деді дәрігерлер.

Қазіргі таңда ауруханада осы дерекке байланысты түрлі сала сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.

«Шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүргізілді. Осы бағытта шұғыл емдеу шаралары жалғасып жатыр. Ол 3 литр қан жоғалтқан», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Денис Тен бүгін ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.