7-9 қараша аралығында жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақтеңіз аумағынан келетін циклон әсер етеді.
Жауын-шашын өтеді, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
Елдің басым бөлігінде жел күшейеді.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады.