23 қаз, 2020 сағат 08:19

Демалыс күндері қар жауады – Қазгидромет

Қазгидромет 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағына Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді. Жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ, циклон аздаған жоғары температура алып келеді», - делінген хабарламада.