#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Демалыс күндері енгізілетін шектеу шаралары қашан алынады?

  • 14.09.2020
  • 0
  • 78

Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндері шектеу шараларын алу мәселесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Демалыс күндері шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. Бізде демалыс күндері онсыз да аздаған ғана шектеу қалып отыр. Адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, фитнес-орталықтардың, спа-орталықтардың және сұлулық салондарының жұмысына ғана шектеу бар. Бұл өте төменгі талап саналады. Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу», - деді Айжан Есмағамбетова. 

Айта кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханада маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келген болатын. 

Ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында 20 қыркүйектен кейін карантин шаралары қатаңдатылады деген қауесетке жауап берген еді. 

«Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деді Есмағамбетова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар