Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде демалыс күндері 40 градус ыстық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
21-23 тамыз күні күндіз Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамыз күні күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болады, сондай-ақ төтенше өрт қаупі бар.
21 тамыз күні күндіз Маңғыстау облысында 35 градус ыстық болады. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамыз күні күндіз Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с солтүстік-шығыс, шығыстан шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, шаңды дауыл екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді.
21-23 тамыз күндері күндіз Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде 41 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі бар. Орал қаласында 41 градус қатты ыстық болуы ықтимал.