Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 15-17 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай Қара теңіз аймақтарынан жылжыған терең циклонмен қалыптасады. Соның нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.
Күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы +20+25-тен 25+33-ке дейін, солтүстік-батыста +18+30-дан +25+33-ке дейін, орталықта +25+33-тен +32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін жоғарылауы күтіледі, ал батыста температуралық фон +22+35 дейін, шығыста +27+35 дейін төмендеуі болжанады, ал еліміздің оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.