16 мау, 2023 сағат 13:21

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: © Sputnik / Andranik Ghazaryan

Синоптиктер 17-19 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін; 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Тек республиканың қиыр шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Күндізгі ауа температурасы батыста +20+28 дейін, солтүстік-батыста +13+26 дейін, солтүстікте +17+27 градусқа дейін төмендейді, республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында + 30 +37 градусқа дейін жоғарылауы күтіліп отыр. Ал оңтүстік өңірлерде температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.